Сәбит Әбішұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбішұлы Сәбит (1938 жылы туған, қазіргі Маңғыстау ауданы Шетпе ауылы) – ауыл шаруашылығы саласының маманы, зоотехник. Алматы малдәрігерлік-зоотехникалықинститутын (қазіргі ҚазҰАУ) бітірген (1961)<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;</ref>. 1961 – 82 ж. Жаңажол ұжымшары ауданы өндірістік басқармасында бас зоотехник, аудандық партия к-тінде нұсқаушы, «Ильич», «Қарақұдық» кеңшарларында директор, 1983 – 97 ж. облыстық ауылы ш. басқармасы бастығының орынбасары, кейін бастығы қызметтерін атқарды. Мал тұқымын асылдандыру, әсіресе, жергілікті адай жылқысын қалпына келтіру, сондай-ақ қазақтың ет-жүнді бағыттағы айыр түйесін жетілдіру, қаракөл қойының сапасын жақсартумен айналысты. «Өмір өрнектері» (2002), «Досым туралы толғаныс» (2004), «Шоңай Құлыш би» (2006) атты кітаптардың авторы. «Маңғыстау энциклопедиясының» редакциялық алқа мүшесі. «Құрмет белгісі» (1981) ордені, Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1966) және бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сәбит Әбішұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}