Сәбит Құрманғалиұлы Мәндіпов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Сәбит Құрманғалиұлы Мәндіпов 1957 жылы 7 ақпанда Көкшетау облысы Жаңаауыл ауылында туған. Қазақ.

Анасы - Мәдіпова Фаузия (1935 ж. т.), зейнеткер.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының менеджмент факультетін бітірген (1997), концерт қызметінің менеджері. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1982 жылдан - «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің «Дос-Мұқасан» ВАА әртіс-аспапшысы. 1989 жылдан - Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның «Арқас» тобының көркемдік жетекшісі. 1998 жылдан - Мәдениет комитетінің бас маманы. 2002 жылдан бері - Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының директоры.

Мәдениет қайраткері (2004).

Әскери атағы - матрос.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Саяси тұрақтылық».

Хоббиі - спорт.

Үйленген. Жұбайы - Әбдиева Ғазиза (1966 ж.т.), Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының балет әртісі. Қызы - Сәбитқызы Салтанат.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub