Сәбит Қайырұлы Жаданов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәбит Қайырұлы Жаданов (5.5.1931 ж.т., Жаңақала ауданы, Новая Казанка а.) — мемлекет, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген Экономисі (1969). Жалпақтал (бұр. Фурманов) Жайық орта мектебін (1948), Мәскеу мемлекеттік экономикалық институтын тәмәмдаған (1953), 1953-57 ж. Ресейдің Орлов облысы, Ливны қаласында «Ливгидромаш» зауытында экономист, цех бастығы, 1957-58 ж. Қазақ КСР мемлекеттік жоспарлау комитеті электрлендіру және автоматтандыру бөлімінде аға экономист. 1958-60 ж. Алматы қалалық комсомол комитетінің, кейін облыстық комитетітің 1-хатшысы қызметін атқарды. 1960-63 ж. Алматы «Эмальпосуда» зауытының директорыболды. 1963-68 ж. Қазақ КСР мемлекеттік жоспарлау комитетінде халық шаруашылығын жоспарлау бөлімінде аға экономист, бөлім бастығы, кейін бөлім бастығының 1-орынбасары. 1968-80 ж. Мәскеуде КСРО Министрлер Кеңесінде Қазақстанның тұрақты өкілінің орынбасары, ал 1980-87 ж. тұрақты өкілі. 1987-91 ж. КСРО мемлекеттік статистикалық комитеті іс басқару бөлімінің бастығы. 1991 жылдан зейнет демалысында. 1991-97 ж. «Казахстан коммерция» жоғарғы экономика ассоциациясының Мәскеудегі тұрақты өкілі, 1997-2001ж. Мәскеу қаласындағы «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы. Еңбек Қызыл Ту, 2 мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен және бірнеше медальмен марапаггалған. Жадановтың «Зигзаги судьбы» атты естелік кітабы (А., 2001) жарық көрді.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub