Сәбит Мұқановтың мұражай үйі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Сәбит Мұқановтың мұражай үйіСолтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Жамбыл ауданы, Сәбит ауылы.

Тарихи деректер, қоры

Мұражай-үй белгілі қазақ жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Ескерткіш жалпы ауданы 180 шаршы метр бір қабатты ағаш құрылым болып табылады. Мұражай-үйге іргелес алаң 2472.7 ш. м. құрайды.
Музейдің ғимаратын 1959 жылы Сәбит Мұқановтың өзі мен оның немере ағасы Ш. Мұстафин Благовещенка ауылындағы бұрынғы ауыл көпесінің ағаштан салынған үйінен құрастырып, салған.
1990 жылы жазушының мемориалдық мұражайы ашылды, мұражайдың экспозициясы жазушы өмірінің негізгі кезеңдерін көрсетеді және оған қазақ халқының тұрмысы бойынша жалпы экспозиция кіреді. Бөлмелерде жазушының жеке заттары, қолжазбалар мен кітаптар орналастырылған. Қорларда С. Мұқановтың әдеби шығармашылығына қатысты бірегей құжаттар сақталуда.
Ғимараттың алдында жазушының мүсіні орнатылған. Жазушының ең танымал шығармалары «Жарық махаббат», «Өмір мектебі», «Балуан Шолақ», «Сырдария», «Дала толқындары», «Ботагөз» және т.б. Драматург ретінде опералары мен либреттосы белгілі «Жеңіс күндері», «Ариана оюы», «Сәкен Сейфуллин» және т.б.
Мұражай-үй өңірдің танымал туристік нысандарының бірі.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер