Сәбит Байдалы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәбит Байдалы (28.2. 1947. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақбай ауылы) – телерадио-журналист, отандық телерадио-индустрия саласындағы танымал топ-менеджер<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009,1-т.–640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. ҚазМУ-ді бітіртен (1972). Еңбек жолын Жезказған қалалық телевизия студиясында диктор болып бастады (1965-67), Қазақ радиосында диктор (1971-73), Жезқазған облыстық телерадио комитетінде редактор, аға редактор, бас редактор (1973-80), Алматы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы (1978-80), Жезқазғаноблыстық партиялық комитетінің насихат және үгіт бөлімінде дәріскер (1980-84), Жезқазғаноблыстық телерадио комитеті төрағасының орынбасары, Жезқазғаноблыстық телерадиокомпаниясы, Қарағанды облыстық телерадиокомпаниясының төрағалары (1984-2000), "Қазақстан" ТРК-ның телерадиобағдарламаларды жоспарлау және үйлестіру басқармасының бастығы, Аймақтық телерадиохабарлар бөлімінің бастығы, бас маманы (2000-2003), "Парасат" қоғамдық қорының үйлестірушісі, вице-президенті, президенті (2003-2007), 2007 жылы Қазақ радиосының бас редакторы, бағдарламалар директоры. Қазір Қазақ радиосы директорының бірінші орынбасары. Жезқазғаноблыстық Кеңесінің, Жезқазғанжәне Қарағанды облыстық Мәслихаттарының депутаты (1993-99). Республика және аймақтардағы теледидардың дамуы туралы "Өлке өмірін – өз көзімізбен. Летопись края: камерой и словом" кітабының авторы. КР Мәдениет қайраткері. Жезқазған қаласының құрметті азаматы.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}