Сәбденов Рахым

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәбденов Рахым (9.5.1929, Жамбыл ауданы, Айша Бибі ауылы – 28.4.2000, Тараз қаласы) – Социалистік Еңбек Ері (1980). Жамбыл зооветеринарлық техникумын, Қырғыз ауыл шаруашылық институтын бітірген. Жамбыл ауданындағы «Новая жизнь» ұжымшарының жұмысшысы, 1943 – 49 жылдары техникумның студенті, 1949 – 65 жылдары Қырғыз Республикасының Талас облысындағы кеңшар директорының орынбасары, 1965 – 71 жылдары Луговой ауданында бас зоотехник, аудандық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, 1971 – 92 жылдары Луговой ауданының Ленин атындағы асыл тұқымды қой кеңшарының директоры. Қоғамдық мал басын арттырып, оны асылдандыруды жоғары дәрежелі ғылыми тұрғыдан жүзеге асырып отыруға аса көп еңбек сіңірді. Екі рет Ленин, «Халықтар Достығы», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған. «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер».

Сілтеме

Тараз энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сәбденов Рахым|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}