Сұрыпталу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Біріктірілсін

Табиғи сұрыпталу.Тіршілік үшін күрестің барлық формаларынан Дарвин әрдайым нақты бір орта жағдайларында өзіне пайдалы ерекшеліктері бар организимдер ғана тіршілігін сақтап қалатынын байқатады.Олай болса,табиғатта өзлігінен таңдамалы түрде бір даралар тіршілігін жойса,екінші біреулері көбейіп,әрі қарай дамиды.Бұл құбылысты Дарвин табиғи сұрыпталу,немесе аса жақсы бейімделгендердің тірі қалуы,деп атады. Табиғи сұрыпталу-бірнеше ғасырларды қамтып,үздіксіз жүріп жататын әрекет.Бұл әрекетті тұқым қуалап көбейе түсетін өзгеріске жатқызады.Табиғи сұрыпталудың нәтижесінде тіршілік ортасына сәйкес бейімделген жаңа түрлер түзіледі. Қолдан сұрыптау кезінде адам өзіне қажетті,пайдалы қасиеттері бар ұрпақтарды қалдырып,жарамсыздарын жойып реттейді.Осы қасиеттер тұқым қуалау нәтижесінде,ұрпақтан-ұрпаққа беріліп,адамға пайдалы белгілері бар жануарлардың жаңа қолтұқымдары мен өсімдіктердің іріктемелері алынған.