Сұлушаш Молдажанова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сұлушаш Молдажанова (1938 жылы туған, Атырау облысы Жылыой ауданы Амангелді ауылы) – журналист, мәдениет қызметкері.
- Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласындағы мәдени-ағарту училищесін (1958),
- Гурьев педагогика институтын (қазіргі Атырау университеті) бітірген (1969).
- 1958 – 1960 жылдары Жылыой ауданында халық театрын ұйымдастырып, оның қалыптасуына қызмет еткен.
- 1975 – 1993 жылдары Ақтау телерадио саласында,
- 1993 жылдан «Ақтау лада» телеканалында қызметкер.
- «Бүкілодақтық телерадио үздігі» белгісінің иегері.<ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;
</ref>
Дереккөздер
<references/>