Сұлукен Биғалиқызы Рахмадиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сұлукен Биғалиқызы Рахмадиева – профессор, химия ғылымдарының докторы, биоорганикалық химия ҒЗИ директоры. <ref>биоорганикалық химия ҒЗИ директоры</ref>

Білімі, ғылыми атағы мен дәрежесі

  • 1973 ж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін «химик, химия оқытушы» біліктілігімен «Химия. Табиғи қоспа химиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
  • 1974-1977 жж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «02.00.10 – «Табиғи және физиологиялық химияның белсенді заттары, биоорганикалық химия» мамандығы бойынша аспирантураны бітірген.
  • 1981 ж. – химия ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы - «Полифенольные соединения кипрея мохнатого».
  • 1997-2000 жж. - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «02.00.10 - Табиғи және физиологиялық химияның белсенді заттары, биоорганикалық химия» мамандығы бойынша докторантура.
  • 2001 ж. – химия ғылымдарының докторы. Докторлық диссертацияны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қорғаған. Диссертация тақырыбы - «Гидролизуемые дубильные и родственные вещества растений рода молочай и их биологическая активность», ЖАК төралқасымен белгіленген. (Бюл. №2, 2002 ж.).
  • 2002 жылдан бастап – Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.
  • 2003 ж. – профессор.

Еңбек жолы

  • 1977-1979 жж. – С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың өсімдіктер мен синтез химиясы ПҒЗЛ-дың кіші ғылыми қызметкері.
  • 1979-1989 жж. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биологиялық белсенді заттар ҒЗЛ аға ғылыми қызметкері.
  • 1989-1997 жж. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың органикалық химия және табиғи қоспа химиясы кафедрасының доценті.
  • 2000 ж. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың химия және химиялық технология кафедрасының доценті.
  • 2001ж. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың химия және химиялық технология кафедрасының профессоры.
  • 2002 ж. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Жаратылыстану –техникалық институты директорының орынбасары.
  • 2003-2005 жж. - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Жаратылыстану –техникалық институтының директоры
  • 2005 ж. - қазіргі таңда – профессор, химия ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың биоорганикалық химия ҒЗИ директоры.

Еңбектері

250-ден астам ғылыми жұмыстың авторы, 1 монография, 1 оқу құралы, 9 әдістемелік оқу құралы және 1 юиюлиографиялық сілтеме.<ref>Рахмадиева Сұлукен Биғалиқызы </ref>

Ғылыми қызығушылығы

Табиғи қоспа химиясы, биоорганикалық химия, органикалық химия, биохимия, дәрі-дәрмектер химиясы, фармхимия және фармакогнозия, өсімдіктер химиясы және биологиялық белсенді заттар синтезі, дәрі-дәрмектер, фармөндірісі технологиясы, биологиялық белсенді заттар негізіндегі наножүйелер мен наноматериалдар.

Марапаттар мен жетістіктері

  • 1998 ж. – Химия және химиялық технологиялар саласында республикалық байқауда үздік студенттік жұмысына жетекшілік еткені үшін білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрліктерінің құрмет грамотасымен марапатталған.
  • 2003 ж. - «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
  • 2005 ж. – ҚР БҒМ «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері.
  • 2006 ж. – Астана қаласы бойынша «Әйел-ғалым» номинациясының байқау жеңімпазы.
  • 2008 ж. - «Еуразия жұлдызы» Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ байқауының жеңімпазы.
  • 2008 ж. - «Астанаға – 10 жыл» мерейтой медалімен марапатталған.
  • 2011 ж. – ҚР БҒМ «Ең үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

Қауымдастықтарға мүшелік ету

  • 1993-1999 - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия факультетінің Ғылыми кеңесінің ғылыми хатшысы және мүшесі.
  • 2002-2007- Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы және мүшесі
  • 2002 жылы- Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.
  • 2003 ж.–қазіргі уақытқа дейін – ЖҒФ Кеңесінің мүшесі
  • 2003-2008 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы ғылыми кеңесінің мүшесі
  • 2005 ж.- қазіргі уақытқа дейін - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ҒТК мүшесі
  • 2007-2010 жж. –диссертациялық кеңес мүшесі
  • 2011 ж.- ҚР Индістрия және жаңа технологиялар министрлігінің салалық кеңесінің мүшесі
  • 2011 ж.- БХК ҒТК мүшесі

Дереккөздер

<references/>