Сұлтан Жайлыбайұлы Балхаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Балхаев Сұлтан Жайлыбайұлы (1925, Бозащы, Оғыланды маңы – 2005) – соғыс және еңбек ардагері. Красноводск есепшілер курсын бітіріп,<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref> Куйбышев ұжымшарында есепші болған. 1942 – 45 ж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Зейнеткерлікке шыққанша ауа райын бақылайтын станцияда инженер болып жұмыс жасаған. «Заманалар зарпынан» (2003), «Озық ойлы Оразмағамбет» (2005) атты кітаптардың авторы. Соғыстағы ерліктері үшін 3 дәрежелі Даңқ орденімен (1944), 2 мәрте «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>
Дереккөздер
<references/>