Сұлтанмұрат Өтешұлы Абжалов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым

Сұлтанмұрат Өтешұлы Абжалов (1 қаңтар 1981 жылы туған, Түркістан) — қазақстандық ғалым, дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты, профессор. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Теология факультетінің деканы. Ислам теологиясы, жаңа діни ағымдар және дінтанулық білім беру салаларының маманы.

Білімі

  • 19982002 жж. — Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Тарих-философия факультетінің «Дінтану» мамандығы (үздік диплом).
  • 20032005 жж. — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінің магистратурасы (үздік диплом).
  • 20062008 жж. — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аспирантурасы.
  • 2008 жылы «09.00.13 – дінтану, философиялық антропология, мәдениет философиясы» мамандығы бойынша «Ханафи мазһабының діни-философиялық негіздері» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады.

Еңбек жолы

  • 2005–2006 жж. — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және ғылым методологиясы кафедрасының оқытушысы.
  • 2009–2011 жж. — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушысы, аға оқытушысы, кейін доценті.
  • 2011–2012 жж. — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
  • 2015–2016 жж. — Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі.
  • 2016–2017 жж. — Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ жанындағы «Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығының директоры.
  • 2017–2021 жж. — Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы.
  • 2021–2024 жж. — Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы.
  • 2024 жылдан бастап — Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Теология факультетінің деканы.

Ғылыми қызметі

Сұлтанмұрат Абжалов 2018 жылы «Қауымдастырылған профессор», ал 2025 жылы «Профессор» ғылыми атағын иеленді. Ол 2 PhD докторантқа ғылыми жетекшілік жасап, сәтті қорғатқан.

  • 2019–2020 жж. — «Мәңгілік ел» бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің (ҰҒК) мүшесі.
  • 2020–2024 жж. — «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша ҰҒК мүшесі әрі төрағасы.

Негізгі ғылыми жобалары:

Ол көптеген іргелі ғылыми жобаларға жетекшілік етті немесе қатысты:

  1. «Орта Азиядағы Ханафилік дәстүр және қазақ руханиятының негіздері» (2018-2020 жж.) — жетекші.
  2. «Матуриди және Иасауи ілімдері негізінде Абайдың теологиялық тұжырымдамасы» (2023-2025 жж.) — жетекші.
  3. «Заманауи әлемдік және қазақстандық мәдениеттің дамуындағы Әл-Фараби мұрасы».
  4. «Дінтану: энциклопедиялық сөздік» (қазақ тілінде).

Ғылыми еңбектері

Ғалымның 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрген. Оның ішінде:

  • Scopus мәліметтер базасындағы рейтингі жоғары журналдарда — 10 мақала (h-index: 2).
  • ҚР ҒЖБМ тізіміндегі журналдарда — 19 мақала.
  • 2 ұжымдық монография, 1 энциклопедиялық сөздік.
  • 4 оқу құралы (оның ішінде 1 жеке авторлық).

Марапаттары

  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Үздік жас ғалымы - 2014» дипломы.
  • «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерейтойлық төсбелгісі (2016).
  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Алғыс хаты» (2022, 2024).
  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Құрмет грамотасы» (2023, 2024).

Сыртқы сілтемелер