Сұйық шыны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сұйық шыны — жабысқақтық қасиеті бар суға ерітілген натрий немесе калий силикаттары. Олар ауада кепкен соң қатаяды да, шірімейтін және жанбайтын затқа айналады. Сұйық шыны тас жолды, бетонды силикаттауға, отқа жанбайтын бояулар даярлауға, ағашты, электродтарды майлауға, су өткізбейтін цемент силикаттарына және т. б. қажеттерге пайдаланылады. Кенді флотациялық байытуда тау-жыныс минералдарының флотациялануын басу үшін қолданылады. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>