Сүлеймен Тәбірізұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сүлеймен Тәбірізұлы - 1936 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылында дүниеге келген.


Жас кезінен баспасөз беттерінде мақалалар жазумен шұғылданған. Түркістан қаласындағы Яссауи атындағы қазақ-түрік Университетінде ұзақ жылдар ұстаздық етті. Созақ аудандық партия комитетінде қызметтер атқара жүріп, тарихи зерттеулерге құлшына кірісті. "Қарабура әулие" атты үлкен тарихи-зерттеу кітабын жазып шықты. "Созақ өңірі" атты кітабы екі мәрте баспадан шықты. Бұл күндері Шәмші Қалдаяқов мен Жұмекен Нәжімеденов туралы кітап жазумен шұғылданып жүр. Қазақ руларына таңба үлестіріп, оны тас бетіне қашап түсірген аңыздың негізін қуалай жүріп, Бетпақ дала үстіндегі "Таңбалы тасты" тауып, мемлекет тарапынан қорғауға алу туралы бастама көтерді. Хақназар хан, Жәнібек пен Керей хандар туралы елге белгісіз дерек көздерін таба білді. Қазақстан Ұйғырлары тарихи-мәдени қауымдастығының Құрметті мүшесі. Өзбекәлі Жәнібеков, Қойшығара Салғарин, Әбіш Кекілбаев секілді тарих зерттеушілері Сүлеймен Тәбірізұлының еңбектеріне зор баға берген. Әріп (мұхамедғарып) Тәңірбергенұлының ақындық өнерін зерттеп үлкен зерттеулердің басында болды. Қазір өзі туып-өскен Созақ ауылында тұрып жатыр. "Қарабура әулие" қорының басқармасының мүшесі.<ref>Н.Рахымжанов, Жетіқоңыр:Жиделі және Жайылма</ref>

Дереккөздер

<references/>