Сүлеймен Бердәулетов
Бердәулетов Сүлеймен (1941 жылы туған, Түрікменстан, Красноводск ауданы Жаңаша кенті) – дәрігер-хирург, медицина ғыл. канд. (1977). Красноводск медицина училищесін (1958), Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) И.П.Павлов атындағы 1-медицина институтын (1968) бітірген. 1958 – 62 ж. фельд. пункттің меңгерушісі, 1970 – 72 ж. Красноводск қалалық ауруханасында дәрігер-хирург, 1972 – 78 ж. Алматыдағы Қазақтың онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының аспиранты, 1978 – 87 ж. Красноводск облысы ауруханасының бас хирургі, 1987 – 96 ж. Маңғыстауда қатерлі ісік ауруларының алдын алу жөніндегі институт кураторы, Ақтау облысы аурухананың бас хирургі, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 1996 – 2002 ж. медицина сақтандыру қорының Маңғыстау бөлімшесінің бастығы болды. 50-ге жуық ғылыми еңбектің, 10-нан астам емдеу-диагностик. рационализаторлық ұсыныстардың авторы. Бірнеше мәрте Денсаулық сақтау министірлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>