Сүлгі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сүлгі – беті-қолды, ыдыс-аяқты жуған соң сүртуге арналған, жұмсақ матадан жасалған орамал.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref> Ұзындығы жарты құлаштан бір кезге дейін, ені бір шынтақтай, яғни екі-үш қарыс болады. Сән үшін екі шетін кестелеп, оюлайды. Сүлгі көне түрік сөзі – сүрту, сүйкеу, сүйреу дегендегі “сү” түбірінен туындайды.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер
<references/>