Сүйінбай Аронұлының әдеби-ескерткіш мұражайы (Алматы облысы Жамбыл ауданы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Samazh.jpg
Сүйінбай Аронұлының әдеби-ескерткіш мұражайы (Алматы облысы Жамбыл ауданы)

<ref>Мұражайдың жеке ақпараты</ref>

Ашылуы

Атақты ақын Сүйінбай Аронұлының ғибратты ғұмырынан сыр шертетін Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылындағы Сүйінбайдың әдеби-ескерткіш мұражайы – ақынды мәңгілік есте сақтап, оның шығармашылығы мен өмірін жас ұрпақ тәрбиесіне үлгі ету мақсатында, Алматы облысы әкімінің шешімімен Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында 1996 жылы 24 тамыз күні ашылды. Ашылу салтанатына еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзі қатысып, лентасын қиды.


Қазіргі таңда өзіндік тарихы бар бұл музей - ғасырлар қойнауынан Сүйінбай ақынның өмірінен сыр шертетін асыл мұралар мекені. Оның қорында барлығы 775 жәдігер сақтаулы, оның 415-і негізгі қорда, 360-ы көмекші қорда сақтаулы. Мұражайды ашу ісі Сүйінбай Аронұлының шәкірті, ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық торқалы мерей тойымен тұспа – тұс келді.

Толығырақ

1990 жылы мұражай құрылысы басталған алғашқы күннен бастап, оған қадағалаушы болып қызмет жасаған журналист, актёр, сазгер, Жамбыл ауданының, Алматы облысының Құрметті азаматы атақтарын алған, Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері Құрамысов Жолдасхан Аукенұлы болды. Ол 1945 жылы 25 мамырда Жамбыл ауданының Кастек ауылында дүниеге келген, 1996 жылы осы мұражайға директор болып бекітіліп, 2012 жылдың 16 мамыр айына дейін еңбек етіп келді. Қазіргі кезде зейнеткер. Мұражайда қызмет істей жүріп, көптеген «Менің пірім - Сүйінбай», «Бөрілі менің байрағым», «Ер Қарасай», «Райымбек – ұран Райымбек!», «Отаным, елім Қазақстан», «Нұраға», «Аспанда Димаш есімі», «Суықтөбе», «Майтөбе», «Ұлар әні», «Ей ұлар, сен де ұлар, мен де ұлар », «Еңлік гүл», «Қыран қанаты», « Жамбыл ата» тағы басқа көптеген патриоттық әндерін жазды.


Мұражайдың келбеті шығыстық үлгімен жасалған. Мұражай ауласына Сүйінбай ақынның мәрмәр тастан жасалған ескерткіш бюсті қойылған. Мұражайдың ішкі бөлігі екі үлкен зал мен фойеден құралған.

Сүйінбай Аронұлының өмірі мен творчествосын ашатын мұражай бөлімдері

  1. Сүйінбайдың балалық шағы
  2. Ақын болып қалыптасуы
  3. Сүйінбай өмір сүрген орта
  4. Ақынның ата–тегі
  5. Жақындары мен үрім-бұтағы
  6. Творчествосын зерттеушілер

Мұражайдың жұмысы сан қырлы. Атап айтар болсақ, телегей теңіз экспонаттарды ғылыми-танымдық талаптар тұрғысынан ұтымды жүйелеу, оны көпшіліктің талғамына сай ұсыну, зерделенген жәдігерлер негізінде басылымдар шығару елдегі, облыстағы атаулы күндер мен тарихи тұлғаларға арнап көрмелер жабдықтау, өлке тарихына қатысты мәдени шаралар өткізу, белгілі бір көрнекті тұлғалармен кездесулер ұйымдастыру, Алматы қаласындағы оқу ордаларының студенттеріне дәрістер оқу сияқты қызметтерді атқару арқылы халқымыздың асыл қазынасын болашақ ұрпаққа жеткізуді көздеуде. Бүгінгі күні мұражай директоры болып Садуақасова Аяужан қызмет атқаруда.

Дереккөздер

<references/>