Сүйментамыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Сүйментамыр , Дәрілік зоря (Үлгі:Lang-la) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

Сипаты

  • Биіктігі 2 метрге жуық.
  • Тамыры ірі, жуан, сырт жағынан қарағанда сары, іш жағынан қарағанда ақ түсті. Тамырын жылдам кескенде, сары түсті сөл бөлінеді.
  • Сабағы жұмыр, іші қуыс, жоғарғы жағында жайыла өседі.
  • Жапырақтары теріс қаратып қойған жұмыртқа тәрізді, қалың жасыл түсті. Қауырсын тәрізденіп екі жерінен тілімделген, жоғарғылары да қауырсын тәрізді, шеттері ірі. Ұстап қарағанда жапырақтары қолға салқындау болып сезіледі. Ол жапырақтардың құрамындағы эфир майларына байланысты.
  • Гүлдері ашық сары түсті, күрделі, шатыр тәрізденіп тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді.
  • Сүйментамырды көбінесе мәдени түрде бақшаларда өсіреді.

Емдік қасиеті

Халық медицинасында зоря несеп айдайтын, қақырық түсіретін, ауырған жерелерді тыныштандыратын дәрі ретінде пайдаланылады. Бүйрек, жүрек, асқазан, ішек, өкпе, шемен ауруларын емдеу үшін де қолданылады. Сонымен қатар жүйке ауруларын емдеуге, ішек құрттарын түсіруге, іш желдегенде қолданады.
Құрамында эфир майлары, шайыр заттар, қант, крахмал, илік заттар бар.Дәрі үшін оның тамырын жинайды. <ref> Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>