Сүйектерді рентгенмен тексеру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сүйектерді рентгенмен тексеру . Мацерацияланған сүйектерді қарағанда, олардың тек сыртқы түрі жөнінде ғана түсінік беріледі; оның ішкі құрылысын зерттеу үшін аралап кесу керек. Рентгенмен қаңқаны зерттегенде тікелей тірі адамның табиғи анатомиялық қатынастарын бұзбай-ақ ішкі де, сыртқы да құрылыстарын анықтауға болады.

Рентгенограммаларда тығыз және кемік заттар айқын көрінеді. Біріншісі тығыз қабаттың жазықтығына сәйкес айқын қарама-қарсы (контрасты) көлеңке береді , ал кемік зат аймағында көлеңке тор тәрізді болады. Жілік сүйектердің эпифиздерінің тығыз заты мен негізінен кемік заттан құралған сүйектердің (білезік, тілерсек, омыртқа) тығыз заты кемік затты жиектей жатқан жұқа қабат тәрізді. Бұл жұқа буын ойыстарында буын бастарына қарағанда қалыңдау келеді.
Жілік сүйектердің диафиздерінде тығыз заттың қалыңдығы әр түрлі: орта тұсында қалыңдау, шеттеріне қарай жіңішкереді. Соның өзінде тыңыз қабаттың екі көлеңкесі арқасында сүйектің жалпы фоны көлеңкесінде бір шама жарықталған түрде жілік қуысы байқалады. Егер аталған қуыс бүкіл ұзына бойы таралмаса, бұл паталогиялық құбылыстың бар екенін көрсетеді. Диафиздердің тығыз затының рентгенологиялық құрылымы айқын, тегіс. Байлам мен бұлшықеттердің бекитін жерлерінде  сүйектену контурлары тегіс емес. Диафиздердің тығыз қабаты фонында қантамырлар өзектеріне сәйкес келетін жұқа жарық жолақтар байқалады. Олар әдетте қиғаш орналасады: ұзын қол жіліктерінде шынтақ буынына жақындау және сол бағытта; ұзын аяқ жіліктерінде тізе буынынан әрі қарай және алыстау; қол ұшы мен аяқ ұшының қысқа түтікше сүйекиерінде эпифизі жоқ ұшына қарай және жақындау орналасады. Кемік зат рентгенограммада арасында жарықтары бар сүйек шабақтарынан тұратын тор тәрізді. Бұл тордың сипаты сығылу және созылу сызықтарына сәйкес осы бөліктегі сүйек табақшаларының орналасуына байланысты.

Дереккөздер

<references/> Билич Г. Л., Крыжановский В. А. Полный курс. В 3-х томах.М.ООО “Издательский дом “ОНИКС,21 век”,2002.Т. 1,2,3. <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сүйектерді рентгенмен тексеру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}