Сүгірбай Байтықұлы Байтықов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Сүгірбай Байтықұлы Байтықов (1917, Қайқа-Бистау ауылы, Жуалы ауданы, Жамбыл облысы - 15 маусым 1957, Гурьев) — тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның жоғары білім саласында еңбек еткен педагог. Гурьев педагогикалық институтының (қазіргі Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) ректоры (1956–1957).

Өмірбаяны

Байтықов Сүгірбай Байтықұлы 1917 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қайқа-Бистау ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келді. Он үш жасынан еңбекке араласты. Жұмысшы факультетін тәмамдаған соң Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсіп, оны 1941 жылы бітірді.

1941 жылдың шілде айында Қызыл Армия қатарына шақырылып, 125-атқыштар дивизиясының құрамында атқыштар ротасының командирі ретінде Ұлы Отан соғысына қатысты. Соғыс жылдарындағы ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталды. Әскери атағы — аға лейтенант<ref>https://pamyat-naroda.ru/heroes/person-hero91846787/?backurl=%2Fheroes%2F%3Fadv_search%3Dy%26last_name%3D%D0%91%D0%B0%D0%B9%D1%82%D1%8B%D0%BA%D0%BE%D0%B2%26first_name%3D%D0%A1%D1%83%D0%B3%D0%B8%D1%80%D0%B1%D0%B0%D0%B9%26middle_name%3D%26date_birth_from%3D%26static_hash%3D2553561a0f14d2dbfac59b753de5a8a0b3573f3600cdbc1aa8742bd494516397v1%26group%3Dall%26types%3Dpamyat_commander%3Anagrady_nagrad_doc%3Anagrady_uchet_kartoteka%3Anagrady_ubilein_kartoteka%3Apdv_kart_in%3Apdv_kart_in_inostranec%3Apamyat_voenkomat%3Apotery_vpp%3Apamyat_zsp_parts%3Akld_ran%3Akld_bolezn%3Akld_card%3Akld_upk%3Akld_vmf%3Akld_partizan%3Apotery_doneseniya_o_poteryah%3Apotery_gospitali%3Apotery_utochenie_poter%3Apotery_spiski_zahoroneniy%3Apotery_voennoplen%3Apotery_iskluchenie_iz_spiskov%3Apotery_kartoteki%3Apotery_rvk_extra%3Apotery_isp_extra%3Asame_doroga%3Asame_rvk%3Asame_guk%3Apotery_knigi_pamyati%26page%3D1%26grouppersons%3D1&</ref>.

Соғыстан кейін Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы.

1946–1956 жылдары - факультет деканы қызметтерін атқарды.

1953 жылы кандидаттық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

1956 жылдың наурыз айында Гурьев педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалды. Бұл қызметте жүріп, облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысты, Гурьев қалалық партия комитетінің мүшесі, қалалық кеңестің депутаты болды<ref>https://asu.edu.kz/university/people/Rector/323/ Үлгі:Webarchive</ref>.

Сүгірбай Байтықұлы 1957 жылы 15 маусымда кенеттен қайтыс болды<ref>https://asu.edu.kz/upload/iblock/b22/nauryz.pdf Үлгі:Webarchive</ref>.

Марапаттары мен атақтары

  • «Қызыл Жұлдыз» ордені
  • «Отан соғысы» ордені (І және ІІ дәрежелі)
  • 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалі

Естелік

1957 жылғы 16 маусымда «Социалистік құрылыс» облыстық газетінде жарияланған қазанамада: «С.Б. Байтықов институттың оқытушылары мен студенттері арасында аса беделді болды. Мезгілсіз ажал біздің қатарымыздан Отанымыздың таңдаулы ұлдарының бірін, жақсы жолдасымызды жұлып кетті» — деп жазылды. Қазанамаға облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Н. Оңдасынов, әріптестері Б. Білеубаев, С. Қожабаев, А. Файн, В. Жуков, Х. Ахметжанов, Л. Сычев, М. Саламатин, Қ. Темірғалиев, Өтегенов, Ф. Жанахметова және басқа да қоғам қайраткерлері қол қойды.

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№8 Сүгірбай Байтықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне оның есімі берілген.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер