Сірне

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Уики Сірнебағланның, кепенің етін қазанға жілік-жілігімен қуырып даярлайтын қазақтың дәстүрлі асы. Ол көбінесе сыйлы қонақтарға арналып әзірленеді. Үйітілген бас-сирақ, ішек-қарны, мүшеленіп бұзылған еті түгелдей қазанға салынып, малдың өз іш майына және еттің өз сөліне бұқтырылып пісіріледі. Ол үшін қазанның бетіне бу шықпайтындай ғып ыдыс төңкеріл, от мейлінше баяу жағылады. Қазанның түбі күймес үшін аздап қана су құюға болады.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref> Бұқпа - жазда марқаның етінен пісірілетін дәмді әрі жеңіл тағамдардың бірі. Үйге сирек келетін, шақырып келтіре алмайтын сыйлы азаматтар келіп қалады. Олар сәлемге, әрі сусындып кетуге аз уақытқа ғана соққан. Мұндай кісілерге бір тоқтының басын көрсетпесе салт, дәстүр, жөн-жосық бойынша үй иесінің азаматтығына тағы да мін. Дегенмен мұның жолы бар. Қымыз сапырылып, шай қайнап жатқанда үй иесі бір марқаны алып ұрады да дәмді әрі тез пісетін "бұқпа" әзірлей береді. Марқаның терісі сыпырылғаннан кейін, жіліктері мен омыртқалары өткір балтамен шабылады да қазанға салынады, аздап су құйылады. Қазан беті тығыз жабылады да ет өз буымен піседі. Піскен етті нан салмай-ақ қонақтар алдына қояды. Буға баппен піскен семіз әрі жас ет қонақтар тәбетін аша түседі. Сөйтіп қонағына дәм ұсынған үй иесі де, риза, кәделі әрі жеңсік тағам жеген қонақтар да риза болады. Бұқпаны қойлы ауылда қонақ күте білетін тәжіриебелі адамдар ғана жасай алады. Оңтүстік жақта бұл сірне деп аталады.<references>Казактың дарқан дастарқаны "Алматы кітап баспасы", 2010</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сірне|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}