Сірлі без

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сірлі без (серозная железа) (glandula seroca, лат. glandula — без, serum — сары су) — құрамында ас қорыту ферменттері болатын протеинді секрет бөліп шығаратын экзокринді без. Сірлі бездерге құлақ түбі (шықшыт) сілекей безі жатады. Сірлі бездердің секрет бөлетін соңғы бөлімдері пішіні конус тәрізді бірқабат безді клеткалар — сероциттерден құралады. Соңғы секрет бөлетін бөлімдер сыртынан жиырылу қызметін атқаратын жұлдызша келген миоэпителиоциттермен қапталған. Сероцит цитоплазмасының базальды бөлігі базофилді, ал бөлім қуысына қараған ұшындағы протеинді түйіршіктер ацидофилді боялады. Дөңгелек келген ядросы жасушаның базальды бөлігіне жақын орналасады. Сірлі бездердің сілекейі құрамында протеинді ферменттер болады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сірлі без|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}