Сіләмбек Қыдыралин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сіләмбек Қыдыралин (20.10.1908, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы — 27.2.1983, Семей қаласы) — актер, Қазақ КСР-інің халық артисі (1954).

Қыдыралин театр сахнасында Кебек, Еспембет, Қобыланды, Абай (М. Әуезов, “Еңлік-Кебек”, “Қара Қыпшақ Қобыланды” және Л.С. Соболевпен бірігіп жазған “Абай” спектаклінде), Тарғын, Бекежан (Е.Г. Брусиловский, “Ер Тарғын” мен “Қыз Жібек”), Балуан (Ғ. Мүсірепов, “Ақан сері — Ақтоқты”), Шораяқ (Ш. Хұсайынов, “Алдаркөсе”), т.б. рөлдерді орындап, актерлік шеберлігін танытты.

  • “Құрмет Белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Суретсіз мақала