Сычуань жер сілкінісі (2008)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Earthquake

Сурет:Map of epicenter of may 12 2008 earthquake in sichuan province china.gif
Жер сілкініс эпиорталығының картасы

2008 жылғы Сычуань жер сілкінісі — мамырдың 12-ші күні таңғы сағат 7-де Қытайдың Сычуань өлкесінде болған жер сілкінісі кезінде он мыңнан астам адам қаза болды, деп хабарлаған болатын Қытай Халық Республикасының азаматтық әкімшілік министрлігінен. Келесі күні «Синьхуа» агенттігі, жергілікті уақыт бойынша 15:10-да 6,1 ұпайлық жер сілкінісі осы өлкеде тағы да қайталанғанын хабарлады.

Эпиорталығы

Зілзаланың эпиорталығы Алматы қаласының оңтүстік-шығысына қарай 3 мың км қашықтықта, 104° шығыс бойлық пен 30° солтүстік ендікте болған. Алматы қаласындағы Орталық сейсмикалық обсерваторияның кезекші операторы жер асты дүмпуінің күштілігі Рихтер бағанасы бойынша 8.0 балды көрсеткен.

Салдары

Сілкініс зардабынан 69 107 құрбан және 373 577 жарақатталған ресми түрде расталған. Жер сілкінісі жұрт енді ұйқыдан оянып, жұмысқа жиналып жатқан уақытта болған. Зілзаладан Сычуань тұрғындары ғана емес, Гансу, Шенси, Юннан, Шанси, Гуйчжоу, Хубейдің өлкелері да қатты зардап шеккен.

«Чайна дейли» үнжариясының хабарына қарағанда, құтқару жұмыстарына ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вын Зәбау басшылық жасап отыр. Құрбан болғандар туралы нақты деректер жоқ, өйткені жер сілкінісінің эпиорталығына жақын орналасқан елді мекендерге баратын жолдарды үйінді басып қалған, өту мүмкін емес көрінеді. Электр желілерінің, байланыс құралдарының істен шығуына байланысты бұл аудандармен байланыс жасау мүмкін емес. «Чайна дейлидің» мәліметіне қарағанда, құтқарушылардан және медицина қызметкерлерінен құрылған жедел жәрдем топтары зардап шегушілерге көмек көрсету үшін кейбір аудандарға парашютпен түсірілмек. Құтқару жұмыстарына әскери тікұшақтар да жұмылдырылған.

Қытайдағы ең күшті жер сілкінісі 1976 жылы Таңшан қаласында болды. Ол кезде 240 мың адам қаза тапқан екен. Адам өлімі жағынан одан кейінгі орынды Сычуань өлкесіндегі зілзала алады.

Қазақстанда

Сычуань өлкесінде болған осы жолғы жер асты дүмпулері Қазақстан жерінде сезілген жоқ. <references/>