Сырғабай Зәкірұлы Нарматов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сырғабай Зәкірұлы Нарматов (1932 жылы, Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке ауылында туған) – тарих ғылымдарының докторы (1988), профессор (1989). ҚР Саясаттану ғылым академиясының академигі (1997). Мәскеу мемлекеттік университетін (1954) және ҚазМУ-дың (қазіргі Қазақ ұлттық университеті) аспирантурасын (1967) бітірген. Жамбыл облысындағы мектепте мұғалім (195457), Жамбыл облысы Мерке ауданы партия комитетінде нұсқаушы, Мерке ауданы және Жамбыл облысы комсомол комитетінің 1-хатшысы (1957–62), Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында (1962–65, қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) кафедра меңгерушісі, Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы (1968–78), доцент, декан, Алматы халық шаруашылық институтында (1980–92, қазіргі Қазақ экономика университеті) кафедра меңгерушісі, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде кафедра меңгерушісі (1992–2007) қызметтерін атқарған.<ref name="Source 8">Социализм құрудың соңғы этапындағы (1946–1958 жылы). Қазақстан компартиясының ауыл еңбекшілерінің саяси және еңбек белсенділігін арттыру қызметі</ref> «Социализм құрудың соңғы этапындағы (1946–1958 ж.) Қазақстан компартиясының ауыл еңбекшілерінің саяси және еңбек белсенділігін арттыру қызметі» тақырыбында докторантуралық диссертация қорғады. 200-ден астам ғылыми жарияланым мен 4 монографияның авторы.<ref name="Source 2">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сырғабай Зәкірұлы Нарматов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}