Сыртдән итжүзім

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Сыртыдән итжүзім (Үлгі:Lang-la) - асқабақ тұқымдасы итжүзім туысына жататын сабағы жерге жайылып өсетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Тамыры - ірі, әрі жуан, сыртқы жағы сары, сыдырап қарағанда ішкі жағы ақ түсті. Тамырының жоғарғы жағынан шығатын, ұзындығы 4 метрге дейін жететін жіңішке сабақтары кішкене жіпшелері арқылы басқа өсімдіктерге орала өсіп кете барады.
  • Өсімдіктің жер үстіндегі бөлігінің барлық жерлерінде де кішкене тікенектері бар.
  • Жапырақтары кезектесіп жарыса орналасқан, жұмыртқа тәрізді, сағақтары ұзын, 5-7 салалы, түп жағында ойығы бар.
  • Гүлдері бір жынысты, бір үйлі, ашық жасыл, кейде сары түсті болып келеді. Аналық гүлдерінің гүл сабағы қысқа, Сабағына өрмелей көтерілген аталық гүлдердің гүл сағақтары ұзын, өсімдіктің жоғарғы жағына орналасқан аналық гүлдерге қарағанда ол ірілеу. Гүл тостағаншаларының қалақшалары да, гүл жапырақшалары да бас-бестен.
  • Жемісі - дөңгелек, қара етті жидек. Жаз айларында гүлдейді.

Өсетін жері

Сыртыдән итжүзім - ылғалды жерлерде, бұталардың арасында, өзендердің жағасында, таулы беткейлерде, ормандардың шеттерінде, үй маңындағы шарбақтардың түбінде өседі.

Құрамы

Құрамында улы гликозидтер, илік заттар, органикалық қышқылдар, сапониндер бар.

Емдік қасиеті мен қолданысы

Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамырын гүлдегенге дейін қазып, жинап алады. Тамырынан жасалған дәрілердің ауырған жерлерді тыныштандыратын, қан тоқтататын, несеп айдайтын, жарақаттардың жазылуын тездететін, іш жүргізетін, жөтелді басатын қасиеттері бар. Халық медицинасында буындар сырқырағанда, бұлшық еттер қабынып ауырғанда, жатырдан қан кеткенде және құяң ауруын емдеу үшін пайдаланылады. А.К. Форманян аттамалы ақшөптің гипертониялық ауруларды емдеуде жақсы әсер ететінің байқаған. Аттамалы ақшөппен теріні ақ таңдақтардан, меңдерден, бөрткеннен тазартады, сондай-ақ ісіктер мен қанталанған жерлерді жұмсартады. Сол сияқты Кавказда, Орта Азияда кездесетін аттамалы ақшөптің "адам-тамыр" деп аталатын екінші бір түрі де қасиеті жағынан осыған ұқсас. Мұның бастапқысынан айырмашылығы өте шырынды, тамыры жұмсақ және қызыл болады. Бұл тамырды Арменияда ревматизмді емдеу үшін дене сыртына қолданады. Аттамалы ақшөп улы өсімдік болғандықтан оны абайлап ұстап, сақтықпен пайдаланған жөн.<ref>Дәрілік өсімдіктер. Алматы, "Қазақстан", 1975, 172 бет.</ref>

Сақтық шарасы

Өсімдіктің тамыры улы, одан жасалған дәрілерді дәрігердің бақылауынсыз қолданса, адамды уландыруы мүмкін. Ондай жағдайда аурудың іші түйнейді және басы ауырады, құсады, қан аралас іші өтеді, бұлшық еттері жиырылып, денесі тырысады, бүйрегі қабынады, орталық жүйке жүйесі істен шығады.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер