Сырдарья шөгінді алабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сырдарья шөгінді алабы солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында Ортаңғы және Оңтүстік Тянь-Шань тауларымен шектелген өзімен аттас ойыспен байланысты. Алаптың солтүстік-батыс шекарасы морфологиялық тұрғыдан оқшауланбаған, сондықтан ол шартты түрде алапты Арал шөгінді алабынан бөлектейтін Аққыр-Құмқала ер тұрқылас құрылымы арқылы жүргізіледі. Алаптың ауданы 150 мың км².

Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, кристалдық іргетас тақтатастардан, гнейстерден, граниттерден құралған докембрийлік және төменгі палеозойлық кешендерден тұрады. Шөгінді тыс өте анық дараланатын девон-таскөмірлік квазиплатформалық секцияға және бор-палеогендік платформалық секцияға жіктеледі. Олардың арасында қорқойма-қатқабаттар да, жапқыш-қатқабаттар да бар, және де квазиплатформалық секция сыйымдылық-сүзбелік қабілеті тұрғысынан нашар сипатталады.

Алаптың аймақтық құрылымы жайлы тұжырымдар палеозойлық түзілімдердің жабыны бойынша құрастырылған картаға негізделеді. Бұл картадан байқалатыны, меридианға бойлас бағытта (Қаратаулық бағытта) созылған алаптың ішкі бөлігіндегі құрылымдардың алуан түрлі бағытқа созылатындығы. Алап ауқымында Үрмеқұм, Жауғаш, Берді, Байқадам және Ташкент-Бетпақдала ойысымдары, Қаратау маңы моноклині және бірнеше көтерілімдер мен дөңестер оқшауланады. Мұнай мен газға деген перспективаларды зерттеу нысаны ретінде тек қана шөгінді тыстың квазиплатформалық бөлігін қарауға болады.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005.

ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}