Сыздық Жұматайұлы Әбішев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Сыздық Жұматайұлы Әбішев (9 желтоқсан 1936, Қарағанды — 20 тамыз 1998) — қазақстандық саясаткер, экономист, 1990 жылдары Сыртқы экономикалық байланыстар министрі және Президенттің іс басқарушысы болған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Қарағанды қаласының тумасы. Мәскеудегі Кеңес шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1957 ж. «Қарағандыкөмір» комбинатының шахтасында слесарь болып бастады. 1963 жылдан Қарағанды қаласындағы сауда орындарында әр түрлі басшылық қызметтерді атқарып, 1977 ж. Жезқазған облыстық атқару комитетінде сауда басқармасының басшысы болып тағайындалды. 1979-1990 ж. Республикалық «Ет және сүт саудасы» кеңсесінің басшысы, ҚазКСР Сауда министрінің 1-ші орынбасары, ҚазКСР Министрлер Кеңесінің жанындағы республикалық шаруашылық есептегі бірлестігінің бас директоры, 1990-1994 ж. ҚазКСР Сыртқы экономикалық байланыс министрі, 1993-1994 ж. Премьер-Министр орынбасары, 1994 жылдан ҚР Министрлер Кабинетінің іс басқарушысы, 1995 жылдан Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы ҚР-ның бас консулы, ҚР Президентінің іс басқарушысы, 1996 жылдан ҚР Президенті Әкімшілігінің наградалар бөлімінің меңгерушісі болды. 1996 жылдың желтоқсанында зейнеткерлікке шықты. 1998 жылы өмірден өтті. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
<references/>