Су жылан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Су жылан (Үлгі:Lang-la) – Сарыбас жыландартәрізділер тұқымдасының өзі аттас туысқа жататын жыланның бір түрі.


Қазақстанның оңтүстік аймағына таралған. Теңіз, арал, ағысы қатты тау өзендерінің жағалауларын, қамысты көлдерді мекендейді. Тауда 2800 м биіктікке дейін кездеседі. Суда жақсы жүзеді, су астында жарты сағаттан артық уақыт бола алады. Денесі біршама ірі, ұзындығы 140 см-дей, денесінің үстіңгі жағы сарғыш қоңыр, кейде көлденең салалы ұзын жіңішке жолақты, желке тұсы қара дақты болады. Негізінен балықтармен, бақа, құрбақалармен, ұсақ кемірушілермен, кейде құстармен де қоректенеді. Ұстаған жемін тірілей жұтады. Топтанып қыстайды. Көбеюі сәуір – мамыр айларында басталады. Маусым – шілдеде ұзындығы 3 – 4,5 см болатын 6 – 23 жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан жыланның ұзындығы 15 – 22 см болады. Су жыландар балық өсіретін питомниктерге, уылдырық өсіретін ш-тарға зиян келтіреді. Усыз жылан, сондықтан адамды шаққаны қауіпті емес.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:CommonsҮлгі:Biosci-stub