Суэц каналы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Dynamap suez.png
Суэц каналы

Суэц каналыЖерорта теңізі мен Қызыл теңізді жалғастыратын халықаралық маңызы бар жасанды су жолы. Ұзындығы 161 км, ені 120 м-ден (Суэц – Исмаилия порттары аралығында) 318 м-ге (Исмаилия – Порт-Саид аралығында) дейін, тереңдігі фарватерінде 18 м-ге жетеді. 1859 – 1869 жылдары салынып (1967 – 1976 жылдары Египет-Израиль қақтығысына байланысты жабылды), 1980 – 1982 жылдары қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Төменгі Египеттің су жолдары жүйелерімен (Исмаилия каналы – КаирНіл; 145 км) байланысқан; ауыл шаруашылдығы жерлерін суландыру желісі (Аббасия, 38 км) тартылған. Канал арқылы жылына 80 млн. т жүк (негізінен мұнай мен мұнай өнімдері, қара және түсті металл кентастары) тасымалданады. Суэц каналы Азия мен Африка арасындағы географиялық шартты шекара болып саналады. (Африка мен Азияның Синей түбегін бөліп жатыр).<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз