Суық көкгүл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:203391 1b3bda12.jpg
Суық көкгүл
Суық көкгүл (Көкгүлдер тұқымдасы) - Алтай, Батыс Тянь-Шяньда және Альпі белдеуінде ғана кездеседі. Батпақтанған Альпі шалғындығында, мүкті балшықта, ылғалды тасты беткейлерде, бұлақ жағасында өседі. Оның ұзындығы 35 см-ге дейін, мықты сабақтарымен, ірілеу жапырақтарымен, сабақ түйіндегі және сабақ бойындағы қарама-қарсы (2-4 жұп) жапырақтарымен ерекшеленеді. Гүлдері әдетте үшеу, сабақұшына тығыз шоғырланған. Жапырағы ұсақтау, сарғыш жылтыраған, күлгін сызықтарымен және күлтенің жоғарғы бөлігі дақты. Бұл түр жазда кеш (шілде-тамыз) гүлдейді, әр елдің халық медицинасында жер үсті бөлігі гүлдері бауыр ауруларына, тыныс жолы ауруларына, өкпе қабынғанда, қызу көтерілгенде және тәбет ашуға, жоғары қызулы жұқпалы ауруларды емдеуге кеңінен қолданады. <ref>А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.</ref>

Дереккөздер

<references/>