Суранова Тамара Владимировна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Суранова Тамара Владимировна1956 жылы Белорусь жеріндегі Столбцов ауданында, Н.Сержень деревнясында туған.<ref> "Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89 </ref>. Мәскеу қаласындағы полиграфия институтын инженер-технолог мамандығыбойынша бітіріп шыққан (1978).

"Қайнар" баспасында 1978 жылдан жұмыс істейді: көркемдеуші техникалық редактор, өндіріс бөлімінің аға редакторы, ал 1997 жылдан күні бүгінге шейін — ұжымның өндіріс бөлімін басқарады.

Т.В.Суранова — жоғарғы мамандықты толық игерген: кез келген кітапты, фотоальбомды, плакатты талапқа сай безендіріп, авторлармен, суретшілермен қоян қолтық жагдайда, творчестволық түсіністікпен жұмыс істей біледі.

Ол қазіргі нарықтық жағдайларға байланысты баспаның қаржылық жұмыстарына, тақырыптық жоспарларға, тендерлік жарыстарға белсене араласады. Оның еңбектері ТМД көлемінде өтетін "Кітап өнері" жарыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болған, құрмет грамоталармен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}