Суды тұщыландыру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Суды тұщыландыру — 1) табиғи судың құрамындағы тұз мөлшерін азайту; теңіз суы немесе тұзды грунт суы құрамындағы тұздың деңгейін суды технологиялық пайдалануға немесе ауыз су үшін тұтынуға қажетті деңгейге дейін тұндыру. Қазіргі кезде 100— 150 мың тұрғыны бар елді мекендерді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін теңіз суын тұщыландыратын қондырғылар жасалған (мысалы, Ақтау қаласында); 2) суды әр түрлі шаруашылық мақсаттарында пайдалану үшін ондағы еріген барлық тұздардың сандық мөлшерін кеміту. Суды тұщыландырудың толық және жартылай түрі болады. Пайдаланылатын тұзды суларды тұщыландыру дистилляциялау (буландыру), тоңазыту (мұзға айналдыру), электрхимиялық, химиялық әдіспен тұщыландыру әдістерімен жүргізіледі.

Суды хлорлау

Суды хлорлауауыз суды немесе ақаба суды залалсыздандыру (зарарсыздандыру) үшін хлормен өңдеу. Ауыз суды озондаған (яғни, озонмен өңдеу) дұрыс, өйткені, суды хлорлау бірқатар жағдайларда мутагендер мен канцерогендер (хлорорганикалық қосылыстар, мысалы, хлороформ) түзілуіне себепші болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Суды тұщыландыру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}