Судың сапасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Судың сапасысудың халық шаруашылығында пайдаланылу мақсаттарын (ауыз су ретінде ішуге, тамақ, қағаз, тоқыма, былғары өнеркәсіптерінің техникалықкалық су ретінде, ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға және т.б.) ескере отырып, оның физикалық, химиялық және бактериологиялық көрсеткіштеріне қойылатын талаптар жиынтығы.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref> Судың сапасы - судың сапа көрсеткіштерінің адамдардың қажеттеріне немесе технологиялық талаптарга сай келу дәрежесі. Олар ауыз сумен жабдықтау, тынығу, балық шаруашылығының мүқтаждары, ирригация, әр түрлі өнімдер өндіру секілді максаттарда пайдаланылатын су үшін белгіленетін нормативтік талаптар түрінде білдіріледі. Тікелей адам тұтынатын судың сапасы және табиғи суқоймалардағы судың сапасы болып сараланады. Соңғылары сапробтылык (қоректік затгектердің, организмдер топтамаларының болуы, судың мөлдірлігі) дәрежесі бойынша бағаланады. Мысалы, олигосапробтық суқоймалар, әдетте, таза не аз ласталған деп есептеледі, қоректік заттектер аз, мөлдір болады, ал эвтотрофтық суқоймалар барынша ластанған, қоректік заттектері мол және лай болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub