Субсенсорлық қабылдау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Субсенсорлық қабылдау. Адам өз өмірінде көптеген әрекеттер үстінде заттарды, құбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, олардың сипаттарын реттеп топтастыруға дағдыланады. Адамның іске талантануы оянып, заттарды қабылдау жетіле түсіп, байқағыштығы артады. Қабылдаудың осылай бірден-бірге дамуы арқылы адам объектінің ерекше қасиеттерін байқап қана қоймай, оның ұсақ бөлшектеріне назар аударып, оны жүйелеп қабылдауға әдеттенеді. Затты осылай қабылдау түрін cубсенсорлық қабылдау деп атайды.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}