Стратиграфиялық үзіліс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Стратиграфиялық үзіліс. Қат-қабатты жыныстар қимасындағы қабаттардың үздіксіз қалыптасуы сақталмаған тұсы, яғни қима қалыптасуының жалпылама мерзімі ішіндегі тау жынысының мүлдем түзілмей қалған кезеңі. Алайда Стратиграфиялық үзіліске дейін қалыптасқан қабаттың беткі жазықтығында оның шайылу белгілері байқалмайды, сол сияқты осы қабаттың және үзілістен кейін түзілген тау жынысы қабаттарының бір-бірімен астасу элементтері ұқсас мөлшерлермен сипатталады.

Шөгінділенудегі үзілістер

Жер бетінің кез-келген аймағы тұрғысынан саралағанда, осы аймақта шөгінді түзілуінің нақтылы мерізімге тоқталып қалуы. Мұндай мысалдар бүгінгі түзіліп жатқан шөгінді қабаттарының кез-келген қимасынан көрініс бере алады. Бұл үзілістердің ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін: кейбір алқаптар үшін мұндай үзіліс нөсер мен жауындардың жиілігімен өлшенсе, екінші аймақта шөгінді түзілудегі үзіліс геологиялық кезеңдермен, тіпті эралармен өлшенуі мүмкін.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}