Стратиграфиялық бөлімше

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Стратиграфиялық бөлімше<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref> -органикалық қалдықтарды кіріктіруі немесе өзге де ерекшеліктері тұрғысынан дараланатын, жер қыртысына тән, рет ретімен қат-кабаттала қалыптасқан түзілімдер арасында өзіндік орнымен сипатталатын шөгінділердің, не шөгінді таужыныстардың (шөгіңді-жанартаутекті таужыныстардың) нақтылы қабатгары.

  • Әрбір стратиграфиялық бөлімше тек өзіне ғана тән геологиялық көнелікпен сипатталады.
  • Бірегей стратиграфиялық шкалада алты түрлі стратиграфиялық бөлімше дараланған, олар бір-бірімен иерархиялық бағыныштылық заңдылығына сәйкес орайласады;
    • ең ірі стратиграфиялық бөлімше "акротема" деп аталады, олар "эонотемаларға" жіктеледі; эонотемалар, өз кезегінде, бірнеше топтарды біріктіреді.
    • Мысалы, фанерозой эонотемасы палеозой, мезозой және кайнозой топтарына жіктелген;
      • фанерозойдың бұл үш тобы, өз кезегінде, 12 жүйеге бөлінеді (палеозойда: кембрий, ордовик, силур, девон, карбон және пермь жүйелері, мезозойда: триас, юра және бор жүйелері, ал кайнозойда: палеоген, неоген және антропоген жүйелері);
      • әрбір жүйе екі немесе үш бөлімнен, әрбір бөлім бірнеше жікқабаттардан, ал әрбір жікқабат бірнеше белдемдерден тұрады.
    • Бұлармен қатар, серия, свита, буда сияқты жергілікті стратиграфиялық бөлімшелер де жиі қолданылады. Мысалы Қарабастау свитасы, Бозтөбе свитасы
  • Синонимі: стратиграфиялық бірлік.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub