Стратиграфиялық атаужүйе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Стратиграфиялық бөлімше (бірлік) атауларының жиынтығы. Стратиграфиялық атаужүйе географиялық, жалпыгеологиялық, минералогиялық-петрографиялық және биологиялық атаужүйелерге тәуелді емес. Стратиграфиялық атаужүйе ережелері жаңа стратиграфиялық атауларды таңдап алу және жүйелеу мәселелерін шектеп отырады, олардың қолданылуын реттейді, заңсыз туындаған атаужүйелердің ғылыми айналысқа еніп кетпеуін қадағалайды және заңды атаулардың сақталуын қамтамасыз етеді. Кейде стратиграфиялық атаужүйе түсінігі "стратиграфиялық жіктеме" және "стратиграфиялық терминология" түсініктерімен шатастырылып жүр, бұл дұрыс емес.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}