Стефан Яковлевич Першин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Першин Стефан Яковлевич (1.8. 1910, Ресей, Орынбор облысы Новотроицк қаласы - 3.2.1984, Алматы) - дыбыс операторы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1979). 2-дүние жүзілік соғысқа қатысқан. 1933 жылы Алматы байланыс политехникумын (кейінгі байланыс электротехникалы) бітірді. 1937 - 41 ж. Санкт-Петербургтің кино инженерлері институтында оқыды, әрі Алматының киношежіре студиясында, 1955 жылдан өмірінің соңына дейін "Қазақфильм" студиясында дыбыс операторы болып қызмет етті. Першин деректі-шежірелік, ғылыми-көпшілік және көркем фильмдерді қазақ тілінде жазып шығару жұмысына алғашқылардың бірі ретінде белсене атсалысты. 10-нан астам көркем ("Менің атым Қожа", 1963; "Артымызда Мәскеу", 1967; "Махаббат тәмсілі", 1975, т.б.), 50-ден аса деректі, ғылыми-көпшілік фильмдердің дыбысын жазуға қатысты. 2 рет Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}