Степан Егорович Слонов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Слонов Степан Егорович — еңбекші, тракторист, механизаторлар бригадасының бригадирі, Социалистік Еңбек Ері (1957 ж.).

1927 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Конюхов ауданының Правдино селосында туды. 1942 жылы қатардағы колхозшы болып еңбек істей бастады. 1943 жылдан бастап «Суворов» МТС-­де тракторист, 1947 жылдан 1952 жылға дейін трактор бригадасының бригадирі және 1953 жылдан 1956 жылға дейін механикаландырылған отрядтың бригадирі болып істеді. 1959 жылдан «Новый путь» ұжымшарының аға механигі. 1961 жылдан бері «Суворов» кеңшарының бас инженері қызметін атқарған.

1957 жылы 11 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Степан Егорович Слоновқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер