Станиславский жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Станиславский жүйесі - К.С. Станиславский негізін салған сахналық шығармашылықтың теориясы мен методологиясының шартты атауы. Алғашында Станиславский жүйесі тек актер мен режиссер жұмысына қажетті тәжірибе құралы ретінде ойластырылып жасалғанымен, ол келе-келе реалистік сахна өнерінің кәсіби және эстетикалық негізі деген кең мағына алды. Қазіргі театр тәжірибесі мен театр педагогикасы күнделікті жұмыстарында Станиславский жүйесін арқау етеді. Станиславский жүйесі өзінен бұрынғы театр жүйелері сияқты шығармашылықтың ақтық нәтижесін емес, керісінше сол нәтижені тудыратын себеп-салдарды жан-жақгы қарастыруға құралады. Мұнда тұңғыш рет сананың астарындағы куңгірт шығарм. проңесті саналы жолмен игеру мәселесі оз шешімін табумен бірге актердің озі ойнайтын сахналық бейнесіне табиғи түрде айналу жоддары зерттеледі. Ол Станиславскийдің жеке өзімен қатар оның алдында өткендердің, өз тұрғыластарымен мен дүние жұзі сахна өнерінің үздік шеберлерінің де шығарм. және пед. тәжірибесін жинақтап қорыту нәтижесінде өмірге келді. Станиславский ең алдымен өзінен бұрынғы А.С. Пушкин, Н.В. Гоголь, А.Н. Островский мен М.С. Щепкиннің дәстүр-талғамына сүйенді. Әсіресе А.П. Чехов пен М.Горький драматургиясы оның эстетикалық көзқарастарының қалыитасуына айрықша әсер етті. Станиславский жүйесінің өсу жолын Мәскеудің Көркем академиялық театры мен оның студияларының қызметінен бөліп қарауға болмайды. Өйткені ол жалпы театр өнерінің игілігіне айналмас бұрын осы театр мен студияларда ұзақ эксперименттік жолмен және тәжірибе арқылы сыннан өтті. Станиславский бұл жүйе төңірегінде ізденістерін 1907 жылдан өмірінің соңына дейін жүргізді. Станиславский жүйесі сахналық шығарм. сәтінде актерден жай көшірме жасауды емес, өрбір спектакль сайын кейіпкерінің алдын ала ойластырған өмір логикасын тап қазір бастан кешіргендей әсерде болуын талап ететін - Станиславскийдің толғаныс өнері деп атаған сахналық өнердегі реалистік бағыттың теориясы болып табылады. Орындаушы жеке өзі немесе режиссердің көмегімен шығарманың негізгі әуенін ("дөнін") ашып жеткізуде ол алдына идеялықшығарм. мақсат қояды. Станиславский мұны "жоғары міндет" деп атады. Жоғарғы Міндетке жету жолындағы әрекетті талап-үмтылысты ол актердің және рольдің өзекті әрекеті деп белгіледі. Осы жоғ. міндет пен өзекті әрекет туралы ілім Станиславский жүйесінің негізі болып саналады. Мүның өзі суреткердің дүниетанымын басты орынға шығарып, өнердегі эстетика мен этиканың өзара байланысын айқындай түсті. Актердің автор пьесасында берілген жағдайға байланысты жасаған максатты органиқалық өрекеті - актерлік өнердің бірден бір негізі. Сахналық әрекет дегеніміз - Станиславскийдің шығарм. элементтер деп атаған актердің бүкіл ақыл-ойы мен кайрат-жігерін, сезім-түйсігі мен оның сыртқы ішкі болмыс-бітімін түгел жүмсауды қажет ететін психофизик. процесті білдіреді. Бүған актердің сахнада әріптесімен қарым-қатынас жасау қабілеті, қиял-зейіні, ритм мен шындықты сезінуі, эмоциялық есте сақтауы мен сөз техникасы, пластикасы, т.б. жатады. Сахнада нағыз шығарм. сезімді туғызатын аталмыш элементтерді үнемі жетілдіріп отыру - актердің өз бетімен жұмыс істеу мазмұнын құрайды. Станиславский жүйесінің ендігі бір бөлімі актердің рольмен өз бетінше жұмыс істеуіне арналған. Бұл бөлімде актердің рольмен табиғи қабысуы, яғни образға айналу мөселесі толық шешімін тапты. Кеңес дәуірінде Станиславский материалистік дүниетанымға, И.М. Сеченов иен И.П. Поповтың жоғарғы жүйке қызметі туралы іліміне сүйене отырып, ол рольдің ішкі мөн-мазмұнын ашуда өрекеттің физ. табиғатының шешуші маңыз атқаратынын құптап мақұлдады. Станиславский өмірінің соңғы жылдарында қалыптасқан жұмыс тәсілі шартты түрде физикалық әрекет тәсілі деген атауға ие болды. Реж. актердің роль бойынша сөз әрекеті мен автор мөтінің игеру мәселесіне ерекше ден қойды. Станиславский ең әуелі физ. әрекет логикасын бекітіп алғаннан кейін сөз әрекетіне көшуді үсынды. Ол автор сөзін жаттап айтудан бұрын, сол сөздің өзінен-өзі табиғи қалыпта құйылыи айтылатындай сезім күйін туғызатын әрі соған жетудің жолдарын қарастырып отыру қажет деді. Станиславский өз жүйесін толық аяқталып біткен еңбек деп есептемеген. Қайта сахналық шығарм. заңдылығы жайлы өзі бастаған ісін ізбасарлары мен шәкірттеріне одан әрі жалғастырып, үнемі дамытып отыруға шақырды. Ол Станиславский жүйесінің теориясы мен тәжірибесінің даму жолдарын көрсетіп берді. Станиславскийдің теор. идеясы, сахналық шығарм. туралы эстетикасы мен методологиясы бүкіл дүние жұзіне кең тарады. Станиславский жүйесімен қазақ театрында алғаш танысу 30-жылдардың бас кезінде басталды. Осы жылдары Қазақстанға келген С.А. Соколов, Я.П. Танеев, М.Г. Насонов, И.Г. Боров секілді орыс режиссерлері классикалық туындылар мен аударма пьесалар (Гогольдің "Үйленуі" мен "Ревизоры", М.Г. Тригердің "Сүңгуір кайығы", Н.Ф. Погодиннің "Ақсүйектері", т.б.) негізіндегі спектакльдер қойды. Бұлар осы сияқты спектакльдерді қоюда, әсіресе қазақ актерлері үшін нақтылы тәжірибелік мәні бар репетициялар жүргізу кезінде, сондай-ақ, театр жанынан студия ұйымдастырып болашақ сахна қайраткерлерін актер шеберлігіне үйрету үстінде Станиславский жүйесімен, оның негізгі үстанымдарымен таныстырып отырды. Бұдан кейін Мөскеудегі, Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург), Ташкенттегі театр оқу орындарын әр жылдары арнайы бітіріп келген кадрлар - актерлер, режиссерлер мен театр зерттеушілері Станиславский жүйесінің республикалық театрларында кең көлемде таралып, игі ықпал жасауына үлкен күш салды. Станиславский жүйесі қазақ театр өнерінің кәсіби деңгейде қалыптасып өсуіне өлшеусіз әсер етті.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}