Спондилоартрит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Спондилоартрит(грек spondylos-омыртқа және arthron-буын)-омыртқа аралық буындардың қабынуы. Спондилоартрит- созылмалы инфекциялы ауру. Ауру клиникалық белгілеріне қарай дизентерния, мерез, ревматизм Спондилоартрит болып бірнеше түрге бөлінеді. Ауру жамбас пен сегізкөз буындарынан басталып, біртіндеп омыртқа аралық буындарға таралады. Осы кезде тиісті ем қолданылмаса асқынып буын аралығындағы шеміршекті зақымдайды да, шеміршектер қатаяды, иіледі, адамның белі бүкірейеді.

Белгілері

Спондилоартрит кезінде адам еңкейіп, шалқайғанда, белі қатты қатты ауырады, қимыл, қозғалысы қиындайды. Науқас тез шаршағыш келеді, тағамға тәбеті шаппайды.

Емі

антибиотиктер, гормонды препараттар қолданылып, аурудың асқынған түріне хирургиялық операция жасалады, сылау, емдік гимнастика қолданылады.

Қолданылған әдебиет

Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 389 бет