Спланхнология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Спланхнология (splanchnologia; лат. viscera, грек, splanchnos — ішкі мүшелер; logos — ілім) — ішкі мүшелер жүйелері құрылысын зерттейтін ілім. ішкі мүшелер жүйелеріне — ас (азық) қорыту, тыныс алу, зәр бөлу және көбею (аталық және аналық) мүшелері жатады.

Бұлар негізінен дененің көкірек, құрсақ және жамбас қуыстарында орналасып, қоршаған сыртқы ортамен денедегі табиғи тесіктер арқылы қатысады. ішкі мүшелер — адам мен жануарлар организмдері мен қоршаған сыртқы орта арасындағы зат алмасу және көбею процестерін іс жүзіне асырады. Ас (азық) қорыту аппараты (apparatus digestorius) — организмді қоректік заттар және сумен, тыныс алу аппараты (apparatus res- piratorius) — оттегпен қамтамасыз етеді.

Зат алмасу нәтижесінде қалдық және пайда болған ыдырау өнімдері:

  • азық қалдығы — азық қорыту
  • көмірқышқыл газ — тыныс алу
  • протеиндік және азоттық асмасу өнімдері
  • артық су
  • керексіз тұздар
  • дәрі-дәрмектер
  • улы заттар зәр болу мүшелері (organa uropoetica) арқылы сыртқа шығарылады. Аталық және аналық көбею мүшелері (organa genitalia masculina et feminina) жануарлар түрлері ұрпақтарының сақталуы мен ұдайы көбеюін қамтамасыз етеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Спланхнология|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}