Спешиал олимпикс интернешл (СОИ)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Спешиал олимпикс интернешл (СОИ), дене мүшелері кемтар адамдардың спортпен айналысуына, жаттығулар жасауына, жарыстарға қатысуына жағдай жасайтын халықаралық ұйым. Оның дүниежүзіндегі 160 мемлекетте 1 миллионнан астам мүшесі бар. СОИ-ды алғаш рет 1963 жылы Юнис Кеннеди Шрайвер (АҚШ) ұйымдастырды. Мүгедек спортшылар арасындағы алғашқы жарыс 1968 ж. АҚШ-тың Чикаго қаласында өтті. Содан бері АҚШ-та әрбір екі жылда бір рет жазғы және қысқы ойындар өтіп тұрады. Ойындарға 8 жастан асқан мүгедек адамдар қатыса алады. Бағдарламасына спорттың 8 түрі енген. Мүгедектер үшін спорттың пайдасы үлкен. Денсаулығы мықты адам әрқашан өзін-өзі мықты, күшіне сенімді, алдында кездескен қиыншылықтарды оңай жеңіп отырады. Дүниежүзілік СОИ комитетінің қазіргі төрағасы Тимоти Шрайвер және Саржета Шрайвер.

СОИ Еуропа елдерінде

СОИ Еуропа елдерінде, "Спешиал Олимпикс" ойындарының бағдарламасына енетін спорт түрлері Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне, ТМД республикаларында жақсы дамыған. Мұндай ұйым ҚР-ында 1992 жылы ашылды. Оның бірінші президенті болып А.Сарманов сайланды. Содан бері "Спешил Олимпикс" ойындарында, денсаулығы нашар дімкәс адамдардың арасындағы чемпионаттар республиканың мүгедектері 500-ге жуық медальдарға ие болды, халықаралық үлкен жарыстарда жеңістерге жетті.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Спешиал олимпикс интернешл (СОИ)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}