Спектрлік сериялар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Спектрлік сериялар – жиіліктері белгілі бір заңдылықтарға бағынатын атом спектріндегі спектрлік сызықтар тобы. Спектрлік сериялар сызықтарының ара қашықтығы мен олардың қарқындылығы қысқа толқындар бағытында азая орналасады. Олар, әсіресе, химикалық элементтердің периодтық жүйесіндегі бірінші топтағы элементтердің спектрлік сызықтарында айқын байқалады. Сутек атомының спектрлік серияларының толқын ұзындықтары () Бальмер формуласы деп аталатын 1R(1/n21–1/n22) тәуелділікпен сипатталады, мұндағы R=109737,3143 см–1 – Ридберг тұрақтысы, n1 және n2 – кванттық ауысу сандары. n1=1,2,3… мәндері серияны, ал n2=n1+1, n1+2,… мәндері белгілі серияның жеке сызықтарын анықтайды. Әрбір серия үшін n1– тұрақты шама. Сутек атомдарының спектрлік сериялары n1 мәндеріне сәйкес төмендегіше аталады: ультракүлгін аймақтағы n1=1 серия Лайман сериясы, көзге көрінетін сәулелер диапазонында жатқан n1=2 Бальмер сериясы, инфрақызыл аймақтағы Пашен сериясы (n1=3), Брэкет сериясы (n1=4), т.б. Сілтілік металл спектрлерінде сызықтардың орналасуы күрделі заңдылықтармен өрнектеледі. Олар негізгі, айқын, диффузиялық және Бергман серияларына бөлінеді.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>

Пайдаланған әдебиет

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Спектрлік сериялар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}