Соғыс және еңбек ардагерлері облыстық кеңесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Соғыс және еңбек ардагерлері облыстық кеңесі (Ә. Әлиханов к „ 5), 1987 жылға дейін Соғыс ардагерлері Кеңестік комитетінің Қарағанды секциясы аталды. Қарулы Күштер , партизан құрамалары т. б . қатарында мемлекетті қорғауға белсене қатысқандарды, еңбек ардагерлерін біріктіретін қоғамдық ұйым. 1965 ж . құрылған. Қарулы Күштердің жауынгерлік дәстүрлерін насихаттау, еңбекшілер мен оқушы жастарға әскери - патриоттық тәрбие беру, Ұлы Отан соғысына қатысушы - жауынгерлер жөнінде деректі материалдар жинау; жауынгерлік даңқ музейлерін, бөлмелері мен бұрыштарын құру жұмысын жүргізеді; полк тас жауынгерлердің кездесулерін ұйымдастырады, соғыс мүгедектері мен қаза тапқан жауынгерлер отбасыларының материалдық - тұрмыстық жағдайларын жақсартуға жәрдемдеседі, Отан үшін ұрыстарда қаза тапқандарды мәңгі есте қалдыру жөнінде шаралар қабылдайды. Секция төрайымы 1965-1984 ж .Г.Р. Қарсыбекова, 1986-1987 ж .К.Б. Бекенов болды. Кеңес төрағасы Қ.Ә. Аманбаев (1987-2001), 2001 жылдан Ж.X. Мұстафин.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}