София Өтегенқызы Мақашева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

София Өтегенқызы Мақашева (1923, Қызылорда қаласы– 13.6.2006, сонда) – дәрігер. КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі. Душанбе медицина институтын (1948) бітірген. 1942 – 45 жылдары Қызылорда қаласы ішкі істер бөлімінде жұмыс істеген. 1948 – 52 жылдары Шиелі, кейіннен Сырдария ауданы денсаулық сақтау бөлімдерінің меңгерушісі, Қызылорда қаласындағы медициналық училищенің директоры, 1952 – 82 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы. Мақашева Ленин орденімен, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Октябрь революциясы» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы" Үлгі:Stub Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала