София Иманғалиқызы Тасмағамбетова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Театр қайраткері София Иманғалиқызы Тасмағамбетова (2 ақпан 1983, Алматы) — қоюшы-суретші, сценограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2019)<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Өмірбаяны

1999-2000 жылдары Челси өнер және дизайн колледжінде оқыды.

2004 жылы Мидлсекс университетін «Интерьер әрленімі» мамандығы бойынша бітірді.

2007 жылы Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясын театр суретшісі Павел Драгуновтың шеберханасында бейнелеу өнері мамандығы бойынша бітірді.

Мансабы

2011 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Шығыс ертегісі» мюзиклінің қоюшы-суретшісі қызметін атқарды. (Алматы).

2012 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында театр жобаларының қоюшы-суретшісі болып істейді.

Қоюшы-суретші, костюмдер бойынша суретші жұмыстары

Қоюшы-суретші және костюмші ретінде Ресей, Қазақстан және Еуропа театрларында бірнеше қойылым қойды.

Театр Қойылым Жылы
Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ МБЖТ «Уестсайд оқиғасы» музыкалық комедиясы 2011
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры К. Орфтың музыкасына жазылған «Боран Карминасы» кантата-балеті 2012
«Біржан мен Сара» операсы 2013
«Айсұлу» операсы 2014
«Ұлы Дала аңыздары» балеті 2015
Астана Опера «Қаракөз» балеті 2014
«Қыз Жібек» операсы 2017
«Тұрандот» операсы<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2018
Жаңасібір опера және балет театры «Тұрандот» операсы 2016
Мұса Жалил атындағы татар опера және балет театры «Жарқанат» операсы 2016
Карло Феличе театры «Трубадур» операсы 2019

Отбасы

  • Әкесі — Иманғали Тасмағамбетов (1956 туғ.) — Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері, саяси ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
  • Анасы — Клара Дауымқызы Бекқұлова (1957 туғ.) — мұғалім.

Марапаттары мен атақтары

  • 2019 — Қазақстан Президентінің 2019 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен оған қоюшы-суретшінің үздік жұмысы үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер