Сорғы станциялар каскады

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сорғы станциялар каскадысу беру трассасының бойында бірінен соң бірі тізбектесш орналасып, біртекгі сорғылармен жабдықталған, суды сатылап көтеретін сорғы станциялары. Сорғы станңиялар каскадының сенімділігі мен ілеспе (синхронды) су беруін арттыру үшін реттеуіш, тоспалаушы имаратгары коса салынып, мүмкіндігінше айналма қалақты сорғылармен қамтамасыз етіледі немесе ұсақ сорғыларды пайдаланады, бұған қоса, жоғарғы бъефтен төменгі бъефке қарай бір сорғының өтіміне жуық апатты қашыртқы жіберу қарастырылады. Бұл жағдайда агрегаттар сорғы-турбина режімінде жұмыс істеуі және таңбалары бірдей болуы тиіс. Қазақстанда күрделі сорғы станциялар каскады Ертіс—Қарағанды каналына салынған. Каналдың ұзындығы — 458 км, геодезиялық көтеру биіктігі — 418 м. Канал трассасы бойынша 22 сорғы станциясы, 14 бөген, демек, 14 жер бөгет, 3 тоспалаушы имарат, 34 канал, 12 су қашыртқы, су жібергіш, тік құлама, 1 дюкер, канал астымен сужібергіш 5 құбыр, 17 арнайы көпір өткел салынған. Сорғы станциялары бір текті ОПВЮ-185 және ОПВ11—185 (1,6,16 және 22 станция) таңбалы, айналма қалақты, арындары мен өнімдері бірдей немесе шамалас агрегаттармен жабдықталған.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сорғы станциялар каскады|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}