Сортаңдық айбатмия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Сортаңдық айбатмия (Үлгі:Lang-la) - бұршақ тұқымдасы айбат мия туысына жататын биіктігі 1 метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп текстес өсімдік.

Сипаты

  • Өсімдіктің өн бойын қысқа және сирек түк басқан.
  • Тамыр сабағы ұзын жіп секілді, қосалқы көптеген өрнектері бар.
  • Сабағы қысқа, тік өседі.
  • Жапырақтары сопақша эллипс тәрізді, кезектесіп орналасқан. Қосалқы жапырақшалары жіңішке әрі өткір болады.
  • Гүлдері әр түрлі (көбелекгүл тәрізді, қызыл) ұзындығы 4-10 см-лік шашақ сықылданып шоғырланып тұрады. Гүл тостағаншасы 5 қалақшадан тұрады.
  • Жемісі - сопақша, шар тәрізді, ішінде ұсақ дәнектері бар, буылтық қауызды мәуе. Шөлді және сортаңды жерлерде, армшөп ретінде егістіктердің арасында өсе береді.

Емдік қасиеті

  • Дәрі жасау үшін сортаңдық айбатмияны жемісімен, гүлдерімен қоса жинап алады.
  • Құрамында 0,4 процентке дейін алкалоидтар бар. Олардың ішінен сферофизия атты алкалоид бөлініп алынады. Бұл алкалоидтің қан қысымын төмендететін, жатырдың бұлшық еттерін жиылдыратын қасиеттері бар. Осыған байланысты әйелдердің босануын тездету үшін және босанғаннан кейін жатырдан кеткен қанды тоқтату үшін қолданылады.
  • Сферофизин қанның қысымын тұрақтандырып, ұзақ уақытқа төмендете алады.
  • Өсімдік улы болғандықтан тек дәрігердің бақылауымен ғана қолданылады.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз