Сопақша торлыбас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сопақша торлыбас (Dіctyocephalos attenuatus) – базидиомицеттер класы, гастеромицеттер қатарына жататын саңырауқұлақ. Солтүстік Африка мен Солтүстік Америкадан (Колорадо штаты) табылған. Қазақстанда алғаш рет Сурет:И.Г. Борщов АралКаспий аймағындағы шөлді даладан тапқан. Кейіннен Жайық өзеннің төменгі жағалауынан, Маңғыстаудан және Сырдария өзеннің сол жақ жағалауынан табылған. Сопақша торлыбастың жемісті денесі шар, жұмыртқа не цилиндр тәрізді болады. Ұзындығы 27 сантиметрге дейін жетеді, жетілген түрлерінде сүректенген аяқшасы болады. Ұзындығы 24 см-дей, қисық, кейде тік болады, жоғары жағы кеңейген бас бөлімі, ал төменгі жағы тостаған тәріздес. Бас бөлімі шар тәрізді (ұзындығы 3 – 4,5, ені 8 – 9 см), әдетте жиегі ішкі жағына қарай қайырылған. Сыртқы қабаты (экзоперидийі) қалың, тегіс емес, алғашқыда іркілдек болып келеді, кейін қабыршақтанып қатая түседі, кейде әр жерінен пирамида тәрізді өсінділер пайда болады. Бастапқыда саңырауқұлақ ақшыл сары түсті болып, піскен кезде сарғыш қоңыр түске енеді, жағымсыз иісі болады. Жеуге жарамсыз. Сопақша торлыбас – өте сирек кездесетін реликт түр ретінде ҚазақстанныңҚызыл кітабына” енгізілген.

<ref> Қазақ энциклопедиясы</ref>

Пайдаланған сілтеме

<references/>
{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сопақша торлыбас|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}